Қытайда кедендік рәсімдеу жеңілдетілді
Қытай кедендік рәсімдеулерді тағы да жеңілдетті, деп хабарлайды 24KZ. Ел билігі 16 түрлі жаңа шара қабылдады. Осы арқылы шекарадағы порттар мен бекеттердегі жұмысты оңтайландырып, іскерлік ортаны жетілдіре түсуге күш салынғалы отыр.
Өзгерістер негізгі 4 бағытқа байланысты жасалған. Бұл сыртқы сауда қозғалтқыштарын ынталандырып, жоғары сапалы тауарлар импорты мен экспортына қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар шығындарды азайтып, кәсіпорындардың жұмыс тиімділігін арттыруды көздейді. Ең бастысы трансшекаралық саудаға басымдық беріліп отыр.
Линь Шаобинь, ҚХР бас кедендік басқармасының бөлім басшысы:
- Экономиканың басты даму қозғалтқышы – сауда. Сондықтан біз бұған жан-жақты мән беріп отырмыз. Қытайда кейінгі жылдары экспорт пен импорт саласы ұдайы жетілдіріліп, оңтайландырылып келеді. Бұл сыртқы сауданың жүруіне оң ықпал етіп отыр. Мәселен, биылғы жылдың алғашқы үш тоқсанында трансшекаралық сауда-саттық 259 млрд долларға жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 11%-ке көп.