Ақылды қала. Мемлекеттік рәміздер қалай дайындалады?

Байрақ, Елтаңба мен Әнұран. Мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін бұл нышандарды кез-келген кәсіпорын дайындай алмайды. Ол үшін арнайы рұқсат қажет. Рәміздерді дайындауда оның пішіні, түсі, суреті секілді қатаң талаптар сақталуы шарт. Ендеше еліміз үшін ерекше, құнды белгілер қалай жасалады? Оларды дайындауда қандай «ақылды» технологиялар қолданылады?