Инклюзивті білім балалардың ортаға бейімделуіне көмектеседі

Кішкентай Асылым бірер жылдан кейін арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының түлегі атанады. Бұл ол үшін бір кезеңнің аяқталуы ғана емес, инклюзивті білімге бастайтын маңызды белес - мектепке, жаңа өмірге, мүмкіндіктер кеңістігіне жол ашатын сәт. Ал әзірге ол осы жерде өзіне қажет маңызды жолдан өтіп жатыр. Орталықта Асылыммен жұмыс істейтін мамандар оны тек «мектепке дайындаумен» шектелмей, өмірде қажет болатын дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі: қарым-қатынас орнату, дербестік, өзіне сенімді болу және қоршаған ортамен үйлесімді әрекет ету.