Қазақстанда шетелдіктер неге көбейіп кетті?
Мықты мемлекеттің басты қаруы – білім. Мемлекет басшысының бастамасымен елде 22 жыл бойы жетімнің күйін кешкен ғылым саласына жан бітті. Нәтижесінде Қазақстан үздік деп танылған 40-қа жуық оқу орнымен келісімшарт орнатты. Ал биыл рекорд тіркелгені тағы бар. Елде білім алып жүрген шетелдік студенттер саны 30 мыңға жетті. Реформа ауқымды. Дегенмен қайда бағыт алдық? Стратегия мен жоспар қандай? Болашақта қандай өзгеріс күтіп тұр? Осы және өзге де өзекті сұрақтардың жауабы «Түйін» бағдарламасында.