Мәжіліс заңды мақұлдады: Құрылыстағы былық тоқтайтын болды

Қазақстандағы олигархтар мен лоббилердің құрығында болған Құрылыс кодексіне өзгеріс енгізілмек. Алпауыт компаниялармен алысып, 2 мыңнан астам түзету енгізген депутаттардың құжатын Мәжіліс мақұлдады. Енді Сенат қабылдап, Президент қол қойса болғаны. «Себебі бұрынғы кодекс ел игілігі үшін емес, бизнесмендердің пайдасына жұмыс істеп келді»дейді мәжілісмендер. Алда құрылыс саласын қандай өзгерістер күтіп тұр? Сапаны реттейміз деп баспана бағасын шарықтатып алмаймыз ба? Осы және өзге де сұрақтардың жауабы «Түйін» бағдарламасында.