15 жылдан кейін Қазақстан судан тарығады. «Түйін»

Жақын жылдары жер шары халқының үштен екісі су тапшылығының зардабын шегуі мүмкін. Тіпті осы су мәселесі келешекте қарулы қақтығыстарға әкеп соғуы да ғажап емес. Халықаралық сарапшылар жиі дабыл қаға бастады. Осы аптада мемлекет басшысы Сауд Арабиясында өткен «One Water Summit» жиынына қатысып келді. Қазақстан мен Францияның саммит өткізу туралы бастамасын араб елі қолдап, су тапшылығы мәселесін шешу жолдарын бірге қарастырды.