Пәтер кілті биыл кімдерге бұйырады?
Президент болып сайланған күннен-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй бойынша жағдайды түбегейлі өзгерту керек екенін айтқан еді. «Бұл мәселе үнемі біздің назарымызда болады. Тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы басымдылық. Сондықтан жақын уақытта қосымша шаралар қолданылатын болады. Үкімет «Бақытты отбасы» бағдарламасының тәжірибесін тұрғын үй кезегінде тұрғандардың бәріне қолдану мәселесін қарастырып жатыр», - деді бір сөзінде Мемлекет басшысы.