Жемқорлар жымқырған мүліктер сатылып жатыр
Былтыр 260 мүлік мемлекет меншігіне қайтарылған. Олардың жалпы құны 89 млрд теңге. Ал аукцион арқылы әзірге 14-і ғана сатылыпты. Оның ең арзаны Біріккен Араб Әмірлігінен қайтарылған 30 млн теңге тұратын темір тұлпар. Ал ең қымбатының құны 6 жарым миллиард теңге. Дәл осындай бағаға аукционға қатысқан азаматтардың бірі коммерциялық ғимаратты сатып алған. Қайтарылған мүліктің иесі сіз де бола аласыз. Саудаға салынған активтерді сатып алушылар үшін арнайы сайт та ашылған. Жер телімдері, ғимараттар мен қымбат бұйымдардың бағасын шолып шықтық.