Еңбек нарығындағы шынайы ахуал қандай?

Биыл елімізде жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Мақсат - елдегі еңбек адамының мәртебесін көтеру. Біздің де салада еңбегі өлшеусіз мамандар бар. Олар болмаса менің де сіздің үйдегі теледидардан сөйлеп тұруым неғайбыл. Көгілдір экранды айтпағанда, үйдегі судың да, жылудың да, жарықтың да өшпеуі сол жұмысшы мамандардың арқасы.  Еңбектің ауыр-жеңілін талғамайтын құрыш білектілерді біз тиісті дәрежеде дәріптеп жүрміз ба? Айдар тағып бір жылды арнау, кеуделеріне медаль тағу жұмысшы мамандарына деген құрметті арттыра ма?