Қазақстанның Мажарстанмен алыс-берісі 22% артты
Қазақстан мен Мажарстан арасындағы экономикалық қатынас нығая түсті. Елге президент Тамаш Шуйок ресми сапармен келіп, серіктестікке серпін берді. Биыл екі ел арасындағы тауар айналымы 22% артты. Көрсеткіш 165 млн доллар. Алыс-берістің басым бөлігі Мажарстанға тиесілі. Елге 153 млн доллардың өнімін жеткізген. Ал отандық кәсіпкерлер 11 млн доллардың тауарын сатты. Алдағы уақытта сауда айналымын 1 млрд долларға арттыру туралы жоспар бар.