Елімізде Орман қорын күзету және қорғау қызметі құрылды

Бүгінгі бағдарламада: 

- Су кодексі мен бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қайта қаралады. Су тасқынын болжау және алдын алу жөніндегі шараларды күшейту мақсатында цифрлық карта мен деректер платформасы жасалады; 

- Өткен жылы Қазақстанға 9 млн-нан астам шетелдік қонақ келген. Ел аралаған отандастарымыз 10 млн-ға жуықтады. Кәсіпкерлер туристік аймақтарды ұқыпты пайдаланып, қолайлы бағамен сапалы қызмет көрсетуге міндетті; 

- Елімізде Орман қорын күзету және қорғау қызметі құрылды. Өртті бақылау мұнаралары мен орман өртін сөндіру станцияларының санын көбейту жұмыстары қолға алынды. Ел бойынша 7 аймаққа басымдық беріледі.