Үкімет Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын қабылдады

Бүгінгі бағдарламада: 

- Үкімет Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын қабылдады. Құжат экономиканы дамыту мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған; 

- Жұмысшы беделін көтеруге бетбұрыс. Кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау басталды. Мамандарды оқытудың жаңа тәсілі енгізіліп, кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс артады; 

- Балалар қауіпсіздігі басты назарда. Жасөспірімдер арасында қорқытудың және буллингтің алдын алу жөніндегі шаралар күшейтілді. Үкімет алдағы міндеттерді тағы бір пысықтады.