Президент Жолдауы: Үкімет жұмыс жоспарын пысықтады

Президент Жолдауын сапалы іске асыру – басты міндетіміз. Үкімет отырысында Олжас Бектенов осылай деді. Жиында Мемлекет басшысының "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды. Алда ауқымды жұмыс күтіп тұр. Бастысы - қазына қаражатын оңтайлы жұмсап, бюджеттің бүйірін толтыруға басымдық беріледі. Отырыста экономиканың әр саласын дамыту бойынша нақты тапсырмалар жүктелді. Атқарылар жұмыс үйлесімді іске асырылуы керек. Әр қадам халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс, - деді Үкімет басшысы.