Бала асырап алғысы келетіндер арнайы білім алады

Елде бала асырап алғысы келетін жандардың қатары артқан. Демек «Жетім көрсең, жебей жүр» деген қазақтың ізгі ұстанымы өз мәнін жоғалтпаған. Дегенмен мамандар күрделі әрі ұзақ рәсімдер бұл үдерістің қарқынын тежеп отырғанын айтады. Десе де бала асырап алу процесінде құжаттық рәсімдермен қатар болашақ ата-аналардың психологиялық дайындығы да маңызды. Сондықтан енді бала асырап алу немесе қамқоршылыққа алуға ниетті азаматтар «Қабылдаушы ата-аналар мектебінде» оқып, арнайы сертификат алуы тиіс.