Абайлаңыз, импорт! Консервіленген қиярды бірге таңдайық

WomanOnly

Тұздалған қиярлардан бас тарту өте қиын. Елімізде бұл өнім халықтық тауар статусына ие. Ол қонақ келгенде дастарқаннан табылатын міндетті тағамдардың бірі. Кейбір сұйық тағамдар мен салаттардың да құрамына кіреді. Бізде оларды жақсы көретіндер қатарының көптігі соншалық, жергілікті өндірушілер отандастарымыздың сұранысын толық қамтамасыз ете алмай отыр. Сондықтан нарықта шетелден әкелінген тауарлардың үлесі басым. Ендеше дүкен сөрелеріндегі консервіленген қиярдың дәмді әрі қауіпсізін қалай таңдаймыз?