Қолды болған қазына қаржысы қалай қайтарылады? | Заң бойынша

Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен қазына қаржысы мен мүлкі түгел қайтарылатын болады. Олай дейтініміз, арнайы комиссия көлеңкелі экономиканың соңына шам алып түсті. Ал, шетелдік оффшорларға шығарылған капитал көлемі қисапсыз.
Енді осы шетелге шығарылған капиталдарды қайтару үшін тиісті Заң қабылдау қажет. Демек құрғақ сөзбен емес, заң бойынша әрекет жасалады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптада ғана өзінің ұлықтау рәсімінде Үкіметке осындай тапсырма берді. Заң жобасы әділетсіз баюға және активтерді заңсыз шығаруға ықпал ететін себептер мен шарттарды жоюға бағытталады.

 

"Заң бойынша" бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы көре аласыздар.