Экстрадиция – дипломатияның құндылықтарына сүйене отырып жүзеге асатын процесс | Заң бойынша

Экстрадиция туралы айтқанда қандай да бір мемлекет қылмыскер деп танылған азаматты екінші ел оңай қайтара салады деу қателік. Себебі экстрадиция – дипломатияның құндылықтарына сүйене отырып жүзеге асатын үлкен бір процесс. Құқықтық негіздеріне келсек, экстрадиция екі мемлекет арасындағы келісімдерге немесе көпжақты қабылданған конвенцияға сәйкес жүргізіледі.