Қазақстандағы ішкі және сыртқы миграция мәселесі | Заң бойынша
Қазақстанға жұмыс істеуге келетін шетелдік азаматтар көбейген. Олар елде болу заңнамасын сақтамайды. «Мигрант» операциясы барысында өткен айда көші-қон заңнамасын 9 мың 2 жүзден астам адам бұзғаны анықталды. Оның ішінде 5 мыңнан астам шетелдік елде болу шарттарын бұзған. Айта кету керек, кейде пайда табу үшін жұмыс берушілер шетелдіктердің еңбегін рұқсат алмай пайдаланады.