Заңсыз әрекеттерге тосқауыл қойылды | Заң бойынша
Бас прокуратура заңсыз шығарылған 21 мыңнан астам салық бұйрықтарының күшін жойды. Прокурорлар кәсіпкерлерге қатысты салық бұйрықтарын шығарудың заңсыз тәжірибесін тоқтатты. Салық кодексі бойынша салық бұйрықтары салық төлеуші – кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғадан 1 АЕК-тен астам мөлшерде салық берешегін өндіріп алу кезінде шығарылуы мүмкін екенін атап өткен жөн.