Заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы заң жобасы | Заң бойынша
Қоғамда әділеттілік орнату. Заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы заң жобасының көздейтін басты мақсаты осы. Заң жылдар бойы елдің уысынан шығып кетіп отырған миллиардтаған қаражаттың оның заңды иесіне қайтуын және мемлекетті майшелпек көріп келген жемқорлардың жазалануын тездетеді, келешекте мұндай бассыздықтың қайталануына тосқауыл қояды.