Жолдауда берілген тапсырмалар өзекті

Мемлекет басшысы бірінші қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, дәстүрлі Жолдауын жариялады. Онда ел дамуының алдағы кезеңдегі басым бағыттарын айқындап берді. Әуелі бұған дейін атқарылған істерге, содан соң алдағы міндеттерге тоқталды. Маңызды мәселелердің бірі - кәсіпкерліктің бүгінгі ахуалына назар аударды. Билік пен бизнес арасында сындарлы диалогтың болу қажеттігін айтты.