Жеке куәліктің көшірмесі қажет емес
Бұдан былай ел азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттардың қағаз көшірмелерін жинауға және өңдеуге тыйым салынады. Парламент мәжілісі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Сонымен қатар, елде мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік орталығын құру көзделіп отыр. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанында жұмыс істейді. Орталық ел аумағындағы 350 мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетеді. Дербес деректерді қорғаудың құқықтық базасын қалыптастыруға мүмкіндік ашылады. Яғни мемлекеттік бақылау енгізіледі.