Заңның сақталуын қамтамасыз ету ісі барлық салада күшейтілуі қажет

Елімізде қоғамдық қатынастардың дені өңірлерде өтетіні мәлім. Сондықтан заңсыздықтарға жол бермеу де, әділеттілікті орнату да, негізгі салмақ облыстық прокуратуралардың иығына түсетіні даусыз. Осыған байланысты алдағы уақытта аймақтардағы ахуалға, әсіресе, жаңадан құрылған облыстардағы құқықтық тәртіптің үстемдік етуінің жәй-күйіне мән бермекпіз. Мұны біз еліміздің рухани астанасы орын тепкен Түркістан облысынан бастағалы отырмыз.