Тұтыну несиесін беру тәртібін реттеу керек
Қарызға батқан қазақстандықтардың саны соңғы 1,5 жылда 27 пайызға өскен. Ал банктер мен микроқаржы ұйымдарының несие пайызы тым жоғары. Еңсесі түскен жұрт үшін жақында оң өзгеріс болуы мүмкін. Қазір Мәжіліс депутаттары несие алушылардың құқын қорғауға қатысты заң әзірлеп жатыр.