Салық саясатының тиімділігін арттыру қажет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Үкіметке маңызды шешімдерді шұғыл қабылдау қажеттігін тапсырды. Алдымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатына жаңа серпін беру керек. Яғни экономиканың барлық саласын дамыту, ынталандыру жолдары мен алдын ала міндеттерді қайта қарау қажет.