Есірткі өндірушілерге жаза қатаңдайды
Енді жасырын зертхана ашып, есірткі өндіргендер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мәжіліс тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат психотроптық заттардың заңсыз өндірісін қылмыстың аса қауіпті түрімен теңестіреді. Соңғы жылдары елде қылмыстың бұл түрі белең алған. Бір ғана мысал, 2019 жылы 3 есірткі зертханасы табылса, былтыр 81 жасырын лобаратория анықталды. Сол үшін депутаттар жауапкершілікті күшейтіп, заңсыз әрекетті тоқтатуды жоспарлап отыр.