Жаңа оқу жылында алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Алаяқтардың айласы асып тұр. Әккілер алдап-арбаудың сан түрлі жолдарын қолданып жатыр. Күн санап хабарласып, азаматтардың атынан несиені оңай рәсімдеп, сан соқтырғандар көбейіп кеткен. Енді ұялы телефоныңызға хабарласып, суық және ыстық суды есептеуіштің көрсеткіші жайлы ақпарат сұраса, ешкімге айтпаңыз. Өйткені алаяқтар өздерін тұрғын үй шаруашылық саласының маманымын деп таныстырып, тұтынушы туралы мәліметті біліп алады. Кейін түрлі айласын іске асыруы мүмкін.