Елдегі автомектептің барлығы есепке алынбақ

Жолдағы қауіпсіздік мәселесі өзекті болып тұр. Жыл сайын елімізде жол апатынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 19 мың адам жарақат алады екен. Биылғы 6 айдың өзінде мыңға жуық адам қара жолдың үстінде қаза тапқан. Көпшілігі жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың айтуынша, қала сыртындағы жолдардың қауіпсіздігі мәз емес. Ауыр жол апаттары да осы күре жолда көп. Бұған қоса министр шұғыл түрде 4 және одан да көп жолағы бар 6 мың шақырымнан астам жол салу қажет екенін атап өтті.