Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тірегі
Еліміздің Конституциясы - біздің болашағымыздың негізі. Сондықтан барлық ісіміздің құқықтық бастауы саналатын Конституциямызды ардақтау – әр қазақстандықтың абыройлы міндеті. Биыл осы Ата заңымызға 29 жыл. Осыдан екі жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен конституциялық реформа қолға алынып, халқымыздың басым бөлігінің қолдауымен заңға маңызды өзгерістер енгізілді. Конституциялық реформа қалыптасқан саяси-құқықтық жүйемізді трансформациялауға негіз болды. Ең бастысы, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын негіз қаланды.