Елімізге құны 1 триллион теңгеден асатын активтер қайтарылды
Елімізге құны 1 триллион теңгеден асатын активтер қайтарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлаған болатын. Биыл жыл басынан бері Антикор аяқталған қылмыстық істер аясында шамамен 195 млрд теңге өндірген. Соңғы 2,5 жылда олигополиялар тарапынан Қазақстанға 1,09 трлн теңге қайтарылды. Бұған дейін Агенттік залалды өтеу ретінде Қайрат Сатыбалдыұлы қайтарған жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекетке беру туралы хабарлаған еді. Соның негізінде Алматы қаласындағы құны 7,9 млрд теңгеден асатын «Kaisar Tower» бизнес-орталығы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің меншігіне өтті. Сонымен қатар, Темірбек Жүргенов атындағы «Қазақ ұлттық өнер академиясы» теңгеріміне құны 800 млн теңгеден асатын әкімшілік ғимарат берілді.