Цифрлы бақылау: төрт айда 30 мың хабарлама түсті

«Заң мен тәртіп» қосымшасына 30 мыңға жуық хабарлама түсті. Онлайн қызмет мемлекет басшысының бастамасымен биылғы маусым айында іске қосылды. Азаматтар сервиске eGov Mobile арқылы немесе кез келген банк қосымшасынан кіріп, алдынан шыққан құқықбұзушылық жайлы хабарлай алады.