Павлодар облысында 76 шетелдік жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында екі тәулікте 76 шетел азаматы біздің елде болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заңсыз көші-қонның алдын алуға бағытталған «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасында полицейлер шетел азаматтарының елде жүріп-тұру тәртібін тексеріп жатыр. Сонымен қатар шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан жұмыс берушілер де бақылауға алынды. Мысалы,Павлодардағы дәмханалардың бірінде көрші елдің азаматтары ас үй жұмысшысы ретінде заңсыз еңбек еткені анықталды.

Дамир Рамазан, қалалықПолиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы:

- Аталған шетел азаматтарына қатысты әкімшілік іс қозғалып, тиісті шешім қабылдау үшін құжаттар сотқа жолданды. Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін дәмхана иесіне 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыз: