Елде пойыз басу дерегі азаймай тұр
Жыл басынан бері көліктегі полиция қызметкерлері теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткен азаматтарға 40 мыңға жуық әкімшілік жауапкершілік тағайындады. Өкінішке қарай, мұндай жөнсіз жүрістің салдары ауыр. Марқұм болған азаматтар да тіркелді. Сондықтан да полиция қызметкерлері ұдайы алдын алу жұмыстарын жүргізеді.