ІІМ: медицина қызметкерлерінің міндеті зор

Биыл Мемлекет басшысының жарлығымен Ішкі істер органдарында кезектен тыс аттестаттау болады. Оған министрлік құрамындағы денсаулық сақтау саласы мамандары да қатысады. Бұл қызметкерлерді аттестаттау үрдісі 2012 жылы тоқтатылған еді. Шенсіз де сертіне берік болған дәрігерлердің еңбегі бүгінгі хабарымызға өзек болмақ.