Полицияның күші халықтың сенімінде
Елдегі қылмыстың 90 пайыздан астамын ішкі істер органдары ашады. Құқық бұзушылықтың түрі де, тәсілі де сан қилы. Уақыт өткен сайын түрленіп, күрделеніп келеді. Бүгінгі полиция қызметкері де бір орында тұрған жоқ. Заман талабына қарай әрекет етеді. Соның нәтижесі болар, былтырғы статистика көрсеткендей, азаматтардың тәртіп сақшыларына деген сенім деңгейі 91 пайызға жуықтаған.