Қоғамдық қауіпсіздік полиция назарында
Тәртіпсіздік белең алып тұр. Жамбыл облысында зират қоршауларын ұрлағандар ұсталды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар Астанада да анықталды. Оларға қандай жаза қолданылады? Биылғы шілдеде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бөтеннің мүлкін жою және бүлдіру бойынша әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне өзгертулер енгізілді. Жай-жапсарын бүгін айтамыз.