Қарағанды облысында есірткі зертханаларының желісі жойылды
Қарағанды облысында есірткі және психотроптық заттарды өндірумен және таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды 24kz.
Қазір полиция департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Аталған қылмыстық істің аясында Асыл ауылында есірткі зертханасы жойылды. Оқиға орнынан 200 келіге жуық есірткі заттары мен оларды өндіруге арналған жабдықтар табылды. Операция барысында ерлі-зайыпты ұсталды. Ал Алматы қаласында есірткі зертханалары желісін ұйымдастырушы ұсталды. Тергеу нәтижесінде күдіктінің Қарағанды және Алматы облыстарында орналасқан бес есірткі зертханасын ұйымдастыруға қатысы бар екені анықталды. Қылмыстық топтың заңсыз әрекеттерін тоқтату бойынша жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.