Жезқазғанда мұнай базасы өртеніп, төрт адам жараланды
Жезқазғандағы мұнай базаларының бірінде газ-ауа қақпасы жарылып, 3 автокөлік өртенді.
Салдарынан 4 адам жарақат алған. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер отқа оранған аумақты толық өшіріп, қауіпті сейілтті. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Дидар Құйқабаев, Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:
- Ағымдағы жылдың 25 қаңтары Ұлытау облысы ТЖД басқару пультіне сағат 08:55 минутта Жезқазған-Сәтбаев тас жолының Қабанбай батыр Степная көшесінде нефтебазада жарылыс болды деген ақпарат келіп түсті. Өрттің шығу себебі мен материалдық шығын көлемі әрі кінәлі тұлғалар анықталуда.