Өскемен өзгеріп жатыр: миллиардтар қайда жұмсалды? | Жасампаз мекен

Өскемен бүгінде үлкен құрылыс алаңына айналған.

Миллиардтаған теңгеге салынып жатқан нысандар көп. Бірақ сол құрылыстар қарапайым тұрғынның өмірін шынымен өзгерте ме?

«Жасампаз мекеннің» алғашқы шығарылымында Риат Шони Өскемендегі ең ірі жобаларды аралады. 84,3 млрд теңгелік гематология орталығы неге 6 жыл бойы салынып жатыр? Жаңа жолайрық қаладағы кептелісті шеше ала ма? «Нұрлы жолда» неге тұрғындар бір үйден екіншісіне көшіп жүр?

Ресми есепсіз. Дайын мәтінсіз. Құрылыс алаңындағы шынайы жағдай, тұрғындардың пікірі және біз өз көзімізбен көрген нәтиже «Жасампаз мекеннің» алғашқы шығарылымында.