Жолдау-2024: Денсаулық сақтау саласын цифрландыру

Кез-келген дамыған мемлекет тек бизнес өндіріс саласымен ғана емес, сонымен қатар медицина саласының даму деңгейімен өлшенеді. Қазақстан дамыған мемлекеттердің қатарына кіруді мақсат еткеннен бері, медицина саласында жыл сайын көптеген өзгерістерді байқауға болады. Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы назарды медицина саласының цифрландыруына аударды. "Көп ақпараттық базалар мен бағдарламаларды бір арнаға тоғыстырып, біріңғай мемлекеттік медициналық ақпарат жүйесін жасау керек", - деді Президент. Бүгінгі бағдарламаның акценті - медицина саласының цифрландырылуы.