GITEX AI Kazakhstan: стартаптарға мүмкіндік

GITEX AI Kazakhstan-ның маңызды бөлімінің бірі стартап-шоукейсі.

Бұл жай ғана жобаны таныстыру емес, ол аймақтық стартаптарды жаһандық нарыққа шығаратын көпір, инновацияларды коммерцияландыру алаңы. Орталық Азиядағы аса ірі алаңға 60 елден 300 стартап қатысуда. Олардың қатарында экспортқа дайын жобалар бар. Қандай отандық жобалармен танысуға болады?

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- GITEX AI Kazakhstan аясындағы стартап шоукейсі — стартаптар үшін үлкен мүмкіндік. Бұл алаңда идеялар нақты бизнеске айналып, халықаралық деңгейде мойындалады. Стартаптарға нақты кері байланыс алуға және бірден инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Бұл алаңда Қазақстаннан 50-ден аса стартап жоба бар. Мәселен, мынау қозғалыс барысында өздігінен қуат жинайтын наноұлтарақ. Мұндағы ақылды сенсорлар адамның жүруі, жүгіруі кезінде пайда болатын энергияны сигналға ауыстырып, денсаулыққа қатысты пайдалы ақпараттары жедел нақты алуға мүмкіндік береді. 

Аделия Анаш, жоба менеджері

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Стартап-шоукейсінің ақтық мәресі ертең. Жеңімпаз жобалар қаржылай сыйлыққа ие болады. Жалпы жүлде қоры 30 мың доллар.