ЖИ пойыздардың техникалық байқауын жеңілдетеді
Жасанды интеллект пойыздардың техникалық байқауын 30%-ға жеделдетеді.
Сондай-ақ мамандардың қол еңбегін 70%-ға қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Тың технологиялар елдегі пойыздардың тексерулер арасындағы жүрісін 600 шақырымнан 1,5 мың шақырымға дейін ұзартуға көмектескен. 425 локомотив Trip Optimizer интеллектуалды круиз-бақылау жүйесімен жабдықталып, 10 мың км теміржол жолы цифрландырылды. Ал KinetiX цифрлық диагностикасы арқылы теміржол желілеріне талдау жасалып, 17 мыңнан астам ақау анықталған.