еGov GPT: мемлекеттік қызмет алу жеңілдейді
Қазақстандықтар мемлекеттік қызмет пен қажетті құжаттарды Жасанды интеллект арқылы алатын болады. Бұл үшін eGov GPT цифрлық ассистенті көмекке келеді.
Электрондық үкімет порталы толығымен жаңғыртылып, жаңа eGov 3.0 платформасына көшірілді. Енді мемлекеттік органдар өз қызметтерін осы платформа арқылы көрсетуге міндетті. Қазіре eGov GPT цифрлық ассистентінің диалог терезесі арқылы 50-ден астам қызмет қолжетімді. Ол қажетті өтінімді өзі рәсімдеп, дайын нәтиже ұсынады. Премьер-министр Олжас Бектенов Жасанды интеллект министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, жыл соңына дейін цифрлық ассистент арқылы көрсетілетін қызметтер санын 150-ге дейін арттыруды тапсырды.
Мирас Әбжанов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Alem.GPT жоба жетекшісі:
- Басты артықшылығы – қолданушының іс-қимылы азаяды. Бұдан былай азаматтарға қызмет түрін, бөлімін және реттілігін өздігінен іздеудің қажеті жоқ. Келесі кезеңде жүйе дамып, қызметтердің тізімі кеңейеді. Жасанды интеллект консультациялық кеңес беріп қана қоймай, процестің алдын ала қондырылған әрекеттерін өзі орындайды.