Digital Bridge: медициналық стартаптар таныстырылды

AI & Digital Bridge 2026 форумы аясында Қазақстандағы медициналық жобалар да халықаралық нарыққа таныстырылды. Денсаулық сақтау саласына қатысты стартаптарға арнайы панельдік сессия арналған. 

Бұл тақырып  форум бағдарламасына МedHub HAQ платформасының ұйымдастыруымен алғаш енгізіліп отыр. Қатысушылар медициналық Жасанды интеллект саласындағы үрдістерді, ауруларды ерте анықтау технологияларын, клиникаларда жасанды интеллект шешімдерін тексеру мен енгізуді және стартаптарға инвестиция тартуды талқылады. Жиынға Гардвард университетінің оқытушылары да келген. Мәселен, Вивиан Ли айти бағдарламаны әзірлеуден бастап сатуға дейін қандай қадам жасау керек екенін жас айти мамандарға түсіндіріп берді.

Вивиан Ли, Harvard Medical School аға оқытушысы:

- Мен бұл кездесуге дайындалғанда Қазақстандағы медициналық оқу орындарын аралап көрдім. Сол жерге барып, «Кім стартаппен айналысады?» деп сұрағанымда, барлығы қол көтерді. Сондықтан Қазақстанның бұл салада болашағы зор деп білемін. Жастар жаңа технологияларды белсенді меңгеріп жатыр.

Диджитал бридж форумы аясында Health Teh cтартаптар, яғни медициналық айти бағдарламарды көбейту жайы қаралды. Ірі компания басшылары өз жобаларын көрсетіп, тәжірибе бөлісті. Басқосқандар медициналық инновацияларды нақты жобаларға айналдыру мәселесін де талқылады.

Қайыржан Қожалы, EMAI цифрлық клиникасының тең құрылтайшысы:

- Қазақстандық мамандармен қатар Қытай мен АҚШ-тан келген тәжірибелі спикерлер болды. Олар медицинаға инновациялық технологияларды енгізудің қиындықтары мен ерекшеліктері туралы айтып берді. Біздің емхана да онлайн қызмет көрсетеді. Сондықтан бұл тақырып маған өте қызық болды. Сондай-ақ пікірталаста инвестиция тарту, түрлі кедергілерді жеңу тақырыптары көтерілді.

Сондай-ақ оқыңыз: