Ақылды қала. Ақылы тұрақтардағы заманауи төлем жүйесі

Енді Алматы қаласындағы ерекше төлем жүйесінің арқасында жүргізушілер көліктерін еш алаңдамастан бірнеше сағатқа қалдырып кете алады.

Себебі қаладағы көлік тұрақтарындағы қызметкерлер биылдан бастап толық автоматтандырылған құрылғылармен алмастырылмақ. Бұл тек адам күшін сақтап қана қоймай, сонымен қатар бюджетті толтырудың тың әдісі дейді мамандар. Бұл жоба Алматы қаласын 2020 жылға дейін дамытуға арналған бағдарлама аясында жүзеге асырылып отыр. Заманауи төлем жүйесінің бұрынғысынан айырмашылығы неде? Бұл жүргізушілер үшін қаншалықты қолайлы болмақ? Ол жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.