Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Әбдірахманов Париж қаласындағы Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.
Ол бұған дейін Сыртқы істер министрлігінде Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Сондай-ақ бүгін Президент Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшіні де тағайындады. Енді бұл міндет Барлыбай Садықов жүктелді. Ол бұл қызметпен қатар Кениядағы елші міндетін қоса атқарады.