Астанада жел ұйытқып, қар борап тұр
Қалада 6-шы сыныпқа дейінгі оқушылар сабақты қашықтықтан оқиды. Сыртта да алай-дүлей.
Ал Павлодар облысында толассыз жаңбыр жауған. Соңынан жел тұрып, қазір айнала көк мұз боп сіресіп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, Павлодардан да, Астанадан да шығатын барлық жолдар жабық. Қазір республиканың бірнеше өңірінде боран соғып тұр. Құзырлы органдар күннің қолайсыздығына байланысты жолға шықпауды ескертеді.