Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты.
Президент жеделхатта Қытайдың Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауытта орын алған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.