Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.
2026 жылғы 24 маусым
Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.
Президенттер өзара ықпалдастықты одан әрі нығайту, биыл сәуір айында Бұхара қаласында өткен мемлекеттер басшылары кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыру мәселелерін талқылады.
Президент әкімшіліктері, үкіметтер мен салалық ведомстволар арасындағы байланыстардың жандануы екіжақты ынтымақтастықты дәйекті түрде дамыту және бірлескен жобаларды ілгерілету үшін өте маңызды екеніне назар аударылды.
Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері жөнінде пікір алмасып, алдағы ортақ іс-шаралардың кестесін қарастырды.