Қ. Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің жаңа Конституцияны қабылдауға қосқан үлесін жоғары бағалады. Құттықтау сөзінде «журналистер қауымы – қоғамның жаршысы әрі шынай жанашыры. Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, жұрт мүддесіне адал қызмет етіп келесіздер. Мемлекет сіздердің ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Бұқаралық ақпарат құралдарын ұлттың үні, қоғамның айнасы деуге толық негіз бар. Себебі өз азаматтарымызбен қатар, күллі әлем қауымдастығы елімізде жасалып жатқан ауқымды өзгерістердің түпкі мәнін, алдымен, отандық медиа арқылы танып, біледі», - деді Президент.